Қытайдың интернет-дүкендері жергілікті сауданы «жеп қоюы» әбден мүмкін - Қазақстанның интернет қауымдастығы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде қытайлық интернет-дүкендер көрші Ресейдің нарығын жаулап, дәстүрлі сауданы біртіндеп ығыстырып келеді. Ондай үрдіс Қазақстан нарығында да байқалып отыр. Ал салықтың бәрі интернет-дүкені орналасқан мемлекетте төленетіндіктен, сауданың бұл түрі ел экономикасына кері әсерін тигізуде, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интернет-экономикада салық жинау мәселесі бізді ғана емес, әлем елдерінің бәрін мазалап отыр. Себебі интернет-дүкендері қай мемлекетке тауар сатса да, салықты тек өз бюджеттеріне ғана төлейді. Ал сол тауарды сатып алатын елге ешбір салық түспейді. Ол елдің азаматы тауарды арзан бағаға сатып алды деген аты болмаса, басқа ешқандай пайда жоқ. Соның салдарынан жергілікті сауданың тауарлары өтпей тұрады. Осыған байланысты бүгінде интернет-дүкендерінің салығын сол жерде жинау мәселесі көтеріліп отыр. Оны Ресей де, Еропа да қолдауда. Неге? Өйткені Ресейдің өзін алатын болсақ, оның нарығын жаулап алған қытайлық компаниялар жергілікті сауданы оп-оңай құртып жіберуі әбден мүмкін», - деді Қазақстанның интернет-қауымдастығының басшысы Шавкат Сабиров «Интернет-саудаға аудит жүргізу мен әкімшілік жүйені орнату» тақырыбындағы семинар барысында.

Оның айтуынша, Қазақстанда интернет-саудамен айналысатын 50 ірі компания бар. Былтыр олардың ақша айналымы бір миллиард долларға жеткен.

Соңғы жаңалықтар