Қытайдың Хэбэй аймағында нөсерге байланысты 1,2 млн астам адам эвакуацияланды

None
Photo:xinhua
ШИЦЗЯЧЖУАН. ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясында кейінгі бірнеше күнде толассыз жауған жаңбыр салдарынан 1,2 миллионнан астам адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Қауіпсіз жерге көшірілгендердің 857,2 мыңы – тасқын суларын жинау және сақтау орындары бар аумақтардың тұрғындары.

«Доксури» тайфуны әкелген нөсер жауын 27 шілдеден бері Хэбэй провинциясының көп бөлігінде құйып өтті. Мұндағы жауын-шашынның орташа мөлшері 146 мм асты.

Осы уақытқа дейін провинцияда құтқару операцияларына, су тасқынына қарсы іс-шараларға және табиғи апаттың салдарын жою жұмыстарына көмек көрсету үшін 100 мыңнан астам адамнан тұратын 4 700-ден артық топ жұмылдырылды.


Соңғы жаңалықтар