Қытайдың экономикалық көрсеткіштері мұнай бағасына ықпал етіп жатыр

None
КАНБЕРРА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Қытай жарты ғасырда ең төмен экономикалық өсім көрсеткеннен кейін мұнай бағасы тұрақсыз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Brent маркалы мұнай фьючерстері 16 центке немесе 0,2%-ға қымбаттап, $84,62 жеткен.

Америкалық WTI маркалы мұнай фьючерстері 60 центке немесе 0,8%-ке арзандап, $79,26 құраған.

Дүйсенбі күні АҚШ-та Мартин Лютер Кинг күніне орай баға реттелмеген.

«Brent маркалы мұнай соңғы 10 күнде 10%-ға қымбаттады, себебі Қытайда сауда қалпына келіп жатқаны оптимистік көңіл-күй тудырған. Дегенмен, әлемдік экономиканың басқа перспективалары белгісіз», - деді ANZ аустралиялық қаржы сарапшысы.

Басылымның хабарлауынша, Қытайдың ЖІӨ 2022 жылы 3%-ға өсіп, ресми мақсатты көрсеткішке шамамен 5,5% жетпеген, бұл 1976 жылдан бергі екінші ең нашар көрсеткіш.

Жылдың соңғы тоқсанында ел COVID-ке байланысты қатаң шектеулерден қатты зардап шекті, бұл жылжымайтын мүлік нарығында айтарлықтай құлдырауға әкеліп соқты.

Дегенмен, 2022 жылдың аяғында COVID-ке қатысты ел саясатының өзгеруі биыл елде жанармайға деген сұраныстың қалпына келуіне мүмкіндік тудырады.


Фото: REUTERS/Tatiana Meel


Соңғы жаңалықтар