Қытайдың Чэнду қаласында өткен марафонда қандасымыз бас жүлдені жеңіп алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытайдағы қандасымыз Еділ Нұрболатұлы Чэндуда өткен ерлер арасындағы жартылай марафонда бас жүлдені жеңіп алды. Аталған жарысқа 10 мыңнан астам адам қатысқан, деп хабарлайды Қытайдың CNR ақпарат порталы.

БАҚ жариялаған ақпаратқа қарағанда, 20 қараша күні 10 мыңнан астам спортшы Чэнду марафон жарысына қатысқан.

Осы марафонда Шыңжаңның Алтай аймағынан келген Еділ Нұрболатұлы 1 сағат 8 минут 43 секунд нәтижемен биылғы Чэнду жартылай марафон жарысында ерлер тобында бас жүлдені жеңіп алды.

Бұл - оның алғаш рет мемлекеттік деңгейдегі марафон жарысына қатысуы.

«Еділ Нұрболатұлы 19 жаста. Кішкентайынан жүгіруге қызыққан. Еділді әкесі Алтай аймақтық жеңіл атлетика командасына кәсіптік тәрбиеге береді. 2019 жылы Шыңжаң Ұйғыр автономиялы өлкелік жасөспірімдердің жеңіл атлетика жарысының 3000 метр және 5000 метр аралыққа жүгіру жарысында бас жүлде алған. Содан кейін Шыңжаң өлкелік спорт және дене шынықтыру істері мекемесінің дене тәрбие 1-ші үлкен командасына қабылданып жаттығуын жалғастырды», деп жазады қытайлық БАҚ.

CNR дерегінше, 2022 жылы 28 қазан күні Қытайдың Жыжияң өлкесінің Чуйжоу қаласында өткен мемлекеттік жеңіл атлетика жарысында Еділ Нұрболатұлы 3 минут 48 секунд нәтижесімен 1500 метрге жүгіру жарысында үшінші болса, 5000 метрлік жарыста 14 минут 18 секунд нәтижесімен төртінші болды.

Осылайша өзінің спорт тарихындағы ең жоғары нәтижесін көрсеткен.

Қазір ол бүкіл Қытай елі бойынша ерлер арасында 5000 метрге жүгіру жалпы тізімінде 16-шы орында, ал 1500 метр бойынша 8-ші орында тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бейжің марафонында қандасымыз Елеубек Қуанұлы топ жарған болатын.

Фото: mp.weixin.qq.com
Соңғы жаңалықтар