Қытайдың CCTV орталық телеарнасы Димаш Құдайберген туралы арнайы хабар таратты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарт - Кеше Қытайдың CCTV орталық телеарнасы «Димаш - бір белдеу, бір жолдың музыкалық елшісі» атты арнайы хабар таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 минутқа созылған хабарда, Димаштың туған жері, шығармашылық жолы, жетістіктері сөз болды. Сонымен Димаштың өнері туралы белгілі музыкатанушылардың пікірі берілген.

«Шынымен ғажайып, ешбір техникасыз адамдың көмейінде осындай дауыс болатынын бірінші рет көріп тұрмын. Музыканың құдіреті осында, ол тілге, шекараға бөлінбейді», - дейді қытайлық белгілі музкатанушы Суң Хы.

«Күллі әлемге қазақтың әнін, елін танытқым келеді. Қазақстан мен Қытайдың ынтымағының нығая түскенін қалаймын», - дейді телеарнаға берген сұхбатында  Димаш Құдайберген.

Соңғы жаңалықтар