Қытайдың бірнеше қаласында коронавирус өршіді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Бейжіңге көршілес жатқан Хэбей провинциясының үш қаласындағы 22 миллионнан астам тұрғын коронавирустың қайта өршуіне байланысты оқшауландырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.


Хэбей провинциясында COVID-19-дың өршуіне байланысты Шицзячжуан, Синтай және Ланфан қалалары оқшауландырылды. Бұл шаһарларда тұратын халық саны 22 миллионнан асады.

Қытайда 2021 жылдың басынан коронавирустың жаңа жағдайлары күрт артты. Індетті ең көп жұқтырғандар Шицзячжуан қаласында тіркелді. 11 миллион тұрғыны бар Шицзячжуанда сейсенбіден бастап халықты жаппай тестілеудің екінші кезеңі басталды.

Қытай билігі Хэбей провинциясының басқа қалаларының тұрғындарына Бейжіңге бармауға кеңес беріп отыр.

Жалпы, биылғы жылдың 2 қаңтарынан бастап Хэбей провинциясында коронавирус 400-ден астам адамда расталған және 200-ден астам симптомсыз тасымалдаушы анықталған.


Соңғы жаңалықтар