Қытайдан жеткізілген 134 млн теңгенің контрабандалық тауары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдан Қырғызстан арқылы жеткізілген 134 млн теңгенің контрабандасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жосықсыз жеткізушілер ҚХР-дан Қырғыз Республикасы арқылы Қазақстанға тауарлар ағынының жаңа схемаларын жасады. Бұл еліміздің мемлекеттік кіріс органдары тарапынан Қытай шекарасындағы импорттың көлеңкелі айналымын бақылауды күшейтуімен байланысты», - дейді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев.

Тауар жеткізушілер қаржы-шаруашылық қызметіне қатысы жоқ жалған тұлғаға кәсіпорынды рәсімдеген. Тіркеуді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берілді, сыртқы экономикалық қызметтің 4 қатысушысына қатысты тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану туралы шешім қабылданды.

Бұдан басқа, жазып берілген электрондық шот-фактураларды талдау барысында жоспардан тыс салықтық тексерулер тағайындалған салық төлеуден жалтару схемалары әшкере болды.

Жалпы, 2019 жылдың ақпанынан наурыз айына дейін ҚХР-дан ҚР арқылы транзитпен Қырғыз Республикасына Қытайдан шыққан көкөністер мен жемістер тасымалданды, олар бір тәуліктен аз уақыт ішінде ҚР-ға төмендетілген бағамен кері экспортталды.

«Мұндай іске ешқандай қатысы жоқ салық төлеушінің атына 134 миллион теңгеге жуық сомаға тауар әкелінген. Осындай 17 факті анықталды. 2019 жылдың 6 маусымында Мемлекеттік кірістер органдары Ішкі істер органдарымен және Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, аталған тауарларды тасымалдаған көлік құралдарын ұстады. Тексеру шаралары жүргізілуде», - деді Ж. Іңкәрбаев.

Сондай-ақ, әкімшілік және қылмыстық істер қозғалған акцизделетін өнімдерді заңсыз өткізуге қатысты кемшіліктер анықталды.

Сонымен бірге, тауарды есепке алу және сату бойынша операцияларды көрсетпеу, шот-фактура жазып беру тәртібін бұзу, кассалық-бақылау машиналарын пайдалану тәртібін бұзу - бизнес жүргізуде жиі кездестін заңбұзушылықтар.

Комитеті басшысы орынбасарының сөзінше, бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар