Қытайдан тауар тасыған кәсіпкер заңсыз жолмен 4,2 млрд теңге табыс тапқан

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Eurotransit Nur Zholy» ЖШС-не қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған заңды тұлға Қытай Халық Республикасының бейтарап аумағынан Қазақстан Республикасына жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, аталған қызметке бағаны заңсыз өсірген.

«Атап айтқанда, компанияға тиесілі бос жүк машиналары ҚХР-дың бейтарап жағынан тауар тиеп, ЖШС қоймасына қайта оралып отырған. Бұл қызметі үшін бағаны, яғни бір рейске (ұзақтығы 3 км) заңсыз жолмен қымбаттатқан. Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 млрд теңгені құрады», - деп жазды ведомстводан.

Тергеп-тексеру барысында өз кінәсін мойындаған ЖШС басшылығынан мемлекет кірісіне құны 5,3 млрд. теңгеден аса ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 га жер телімі) аудару туралы өтінішхат түсті.

Агенттік адал бизнеске жасанды кедергілер мен монополияға қарсы күрес жұмыстары жалғаса беретінін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар