Қытайдан келетін контрабанданың жолын кесуді экономикалық тергеу қызметі қатаң қолға алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаңадан құрылған Мемлекеттік кіріс департаментінің экономикалық тергеу қызметі Қытайдан келетін контрабанданың жолын кесуді қатаң қолға алды. Бұл туралы Департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы полициясы және кедендік бақылау мамандарынан тұратын экономикалық тергеу қызметі негізгі күшті Алматы-Қытай шекарасын бақылауға салып отыр. Салық қызметі оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

«Мұндай жұмыс өз нәтижесін беріп отыр. Жақында «G» ЖШС (тергеу жұмыстарының мақсатында аты толық аталмай отыр) Қытайдан құны 8,4 млн АҚШ доллары болатын 3600 дана қабырға сағаты мен 48700 дана таза СD-дискілерді кеденнен жасырын алып өтпек болған. Сондай-ақ, «Жетісу» кедендік постында «Алматы-Үрімжі» бағытымен келген рейсте ҚР азаматы сомасы 100 мың АҚШ долларын (18 млн теңге) кедендік рәсімдеуден тыс алып өтпек болған кезінде ұсталды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар