Қытайдан Алматыға дейінгі веломарафонға іріктеу басталды - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА назарларыңызға әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Алтайда термешілер байқауы өтті - Тянь-Шань порталы

Шыңжаңдағы Алтай аймағына қарасты Қаба ауданында термешілер байқауы өтті. Бұл туралы қытайлық Тянь-Шань ақпараттық порталы хабарлады.

Термешілер мекені аталған бұл жерде қытай қазақтарына танымал әнші, термеші Әсемқан Ғибадатқызы дүниеге келген. Халықаралық еңбекшілер мерекесі қарсаңында өткен бұл өнер басекесі бұлбұл көмей Әсемқан Ғибадатқызының құрметіне ұйымдастырылды.
null

Байқауға қатысқан термешілердің өнерін әділқазылар бағалап, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Термешілер байқауына қатысқаныма ерекше қуаныштымын. Жүлделі екінші орынға ие болдым. Өнер жолында талмай талаптанып, Әсемқан апайымыз секілді қазақ өнерін биіктерден көрсететін танымал термеші болуға тырысамын», - деді жас термешінің бірі Айшуақ Аршынқызы.

***

Ирандық дәрі-дәрмек Қазақстанға экспортталады - «Фарс» ақпарат агенттігі
null

«2016 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша, Иранның Қазақстанға экспортталатын дәрі-дәрмегінің көлемі 61 мың АҚШ долларын құраған. Болжамдар бойынша 2018 жылы бұл сома бір миллион доллардан асады», деп жазады Fars ақпарат агенттігі.

«Қазақстан дәрі-дәрмегінің 85 пайыздан астамы импорт арқылы қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмек - бұл ел ең көп импорттайтын бес нәрсенің бірі. Сонымен бірге «халал» белгісі бар дәрілерді экспорттау жобасын дайындау ағымдағы жылдың бағыттарының бірі», - дейді Иранның Қазақстандағы сауда кеңесшісі.

***

Велошабандоздар Қытайдың Жияңсу қаласынан шығып Алматыға жетпек - «Жэньминь жибао» (People Daily)  
null

1 мамырдан бастап «Жібек жолы елшісі» атты халықаралық веложарысына қатысатындарды тізімге алу басталды. Аталмыш додаға іріктелген велошабандоздар Қытайдың Жияңсу қаласынан шығып Алматыға жетпек. Бұл туралы «Жэньминь жибао» басылымы жазады.

Жарысты Қытай демократиялық одағы орталық комитеті мен Жияңсу өлкелік ұлттық істер комитеті бірлесіп ұйымдастырады. Веложарыс 22 шілде күні басталмақ. Велошабандоздар Ланжоу - Шиңхай өлкесін басып өтіп, Шыңжаңға одан, Қорғас шекара бекеті арқылы Қазақстанның Алматы қаласына жетпек. Жол бойы 36 қаладан жүріп өтеді. Жолдың жалпы ұзындығы - 6 473 километр.

Бұл жарысқа қатысқан саңлақтардың күш- қуаты мен төзімділігіне өзгеше талап қойылатыны даусыз.

«Жарысқа тізімделу уақыты 2018 жылы 1 мамырдан 20 маусымға дейін жүргізіледі. Жарысқа қатынасатын спортшылардың жасы 18-ден 55 аралығында болуы керек. Қай елдің азаматы екендігіне және жынысына шектеу қойылмайды. Интернет арқылы тізімделуіне болады. Қатысушылар денсаулығы туралы мәліметті тапсыру міндетті, сонымен бірге 300 шақырымнан асатын жолды жүріп өткені туралы видео мәлімет жіберуі керек. Тізімделу ақысы 6 мың юань (300 мың теңге - авт.)», - деп жазады дереккөз.

Жүлдегерлер көлемді ақшалай сыйлықпен марапатталмақ. Сонымен бірге жарыс жолын толығымен аяқтаған велошабандоздар да сыйақыдан құр қалмайтынын жазылған.

Жарысқа тізімделу «Жібек жолы елшісі халықаралық веложарысы» ресми Уичат (Қытайдағы мессенджер, әлеуметтік желі - авт.) желісі немесе 400 090 51 71 телефон нөмірі арқылы жүргізіледі. Жарысқа қатысушылардың толық тізімі 25 маусымда белгілі болады.  

***

Парижде түрік әлемі мәселелері қарастырылды - TRT

null

ЮНЕСКО-ның Парижегі штаб-пәтерінде Халықаралық Түркі академиясының «Руxани жаңғыру және мәдени мұра: қадымнан болашаққа түркі тілі» атты халықаралық форумы болып өтті. Бұл туралы Түркия теле-радио порталы хабарлады.

Халықаралық форумда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтың құттықтау хаттары оқылды. Франциядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Жан Ғалиев форумның қатысушыларына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

Аталмыш халықаралық жиынға 16 елден ғылым, мәдениет және қоғам қайраткерлері, саясаткерлер мен дипломаттар қатысты.

«Париждің төрінде өткен жиында түркі әлемінің құндылықтарын зерттеп, зерделеу және насихаттау мақсатында халықаралық деңгейдегі зерттеушілер түркі жазба ескерткіштері, түркілер қолданған жазулар, қазіргі түркі тілдері мен олардың таралу алаңдары, ерекшеліктері, жойылып бара жатқан және жойылу қаупіндегі түркі тілдері сынды өзекті мәселелерді арқау етіп баяндама жасады», - деп жазады дереккөз.

Айырықша халықаралық форумда араб графикасындағы башқұрт жазуы, қарлұқ тілінің жоғалуы, алтай, тыва, гагауыз, қарайым тілдерін дамыту мәселелері де талқыланды.

Париждегі халықаралық форум аясында қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев туралы Мичиган университетінің профессоры Тимур Кожаоғлу өзінің «Мағжан - оттың, еркіндік пен махаббаттың ақыны» атты кітабын таныстырды. Кітапта Мағжанның өмірі мен шығармашылығы суреттеледі. Сонымен бірге биыл туғанына 125 жыл толатын ақынның 16 өлеңі ағылшын тіліне аударылған.

«Әлемдік қауымдастық Мағжанның поэзиясын зерттеуді жалғастыру керек. Себебі оның өлеңдері әлі толық зерттелген жоқ. Келешек буын осы бағыттағы жұмысты тереңірек қолға алар деген сенімдемін», - дейді Т.Кожаоғлу.

***

Ұшақтың тахникалық қызметін қадағалаушы қытайлық қандасымыз Өркеш Шамғұнұлы  
null

Шыңжаңның Алтай аймағына қарасты Қаба ауданының тумасы Өркеш Шамғұнұлы 2016 жылдан бері Қытайдың оңтүстік авиация серіктігінің Шыңжаң бөлімшесінде ұшақтың техникалық қызметін бақылаушы болып жұмыс атқарып келеді. Бұл туралы Қытайдың «Орталық халық радиосының» сайты жазды.

Ол өзінің қызметінің ерекше жауапкершілікті әрі қырағылықты қажет ететіндігін айтады.

«Ұшақтың негізгі қауіпсіздігіне, ұшып-қонудағы тахникалық қызмет істеуіне жауаптымыз. Әр жолы ұшардан бұрын, ұшақтың сыртқы беті, қанаты, терезесі, шамы, гидравлика майы секілді ұшақтың барлық техникалық тетігін ерекше мұқияттылықпен тексереміз. Капитан келерден бұрын ұшақты 100 пайыз қадағалап, ақау болса жөндеп, ұшуға дайындап қою - біздің міндетіміз», - дейді Өркеш Шамғұнұлы.

null

Техниканың тілін жеттік меңгерген қандасымыз еңбегімен елеулі болып жүр. Өркеш бұл мамандықты үздіксіз үйренуді қажет ететіндігін алға тарады.

«Бұл кәсіптің техникалық талабы ерекше жоғары, көптеген ұшақтар шетелде жасалады. Сондықтан оның техникалық ақауларын жөндеуде, қатысты мәліметтерді іздеуде шет тілдерді жеттік білуің керек. Ағылшын тіліндегі материалдары көп оқуға-үйренуге тура келеді. Біз өзіміздің техникалық білімімізді үнемі толықтырып отрыамыз», - дейді қандасымыз.

Сонымен бірге ол бүгінгі жастарды қандай қызметте болсада өзіне жоғары талап қойып, практикалық жұмыстарды көп жасауға кеңес береді.

***

Шихудағы ғажайыпқа толы балшықты жанартау - Тянь-Шань порталы
null

«Көктемнің келуімен бірге Шихудағы балшықты жанартау аймағы алуан түспен әшекейленіп, таңғажайып тамаша бейнесін көрсетті», деп жазады Тянь-Шань порталы.

Балшықты жанартау - Шыңжаңдағы Тияншан тауының солтүстік беткейіндегі Шиху қаласының маңында орналасқан. Бұл - Қытайдағы көлемі ең үлкен балшықты жанартау болып есептеледі.Әдетте көзге ерекше көркем көрінбейтін бұл аймақ, жаңбырдан кейін өзгеше түске еніп құлпырып сала беретін көрінеді. Назарларыңызға балшықты жанартаудың көркем суреттерін ұсынамыз. 

null

 

null

Соңғы жаңалықтар