Қытайдан әкелінген тауардың құнын азайтып, 104 млн. қысып қалмақ болғандардың әрекеті әшкереленді

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Ақмола облысында кеденшілермен камералдық кедендік тексеру барысында 104 миллион 485 мың 788 теңгеге кедендік құнының азайтылғаны анықталды, деп хабарлады Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.

Кеденшілердің мәліметіне қарағанда, «Ш» деген жеке кәсіпкерді кедендік тексеру барысында оның 2013 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қытай елінен жүкті өздігінен түсіретін, бетон араларыстырылатын машиналарды жане автотартқыштарды 20 мың АҚШ долларына ғана бағалап, рәсімдегені белгілі болды. Ал, КБД Кедендік кірістер басқармасының қорытындысы бойынша көлік құралының бір бірлігінің кедендік құны 39 000 АКШ доллар құрайды екен. Сонда ол бір техниканың кедендік құнын 19 мың АҚШ долларына кеміткен. Жалпы рәсімделген тауарлар бойынша кедендік құнын азайту мөлшері 59 миллион 775 мың 824 теңге болып шықты.

Сондай-ақ, «Ц» жаупкершілік шектеулі серітестіктігін тексеру барысында Қытайдан жүкті өздігінен түсіретін машиналар мен автотартқыштардың 39 данасын кедендік құны 44 миллион 709 мың 964 теңгеге азайтып әкелгені анықталды.

Аталған деректер бойынша Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Контрабандаға қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен ҚР ҚК 214-бабының 1 бөлімі (Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден ірі мөлшерде жалтару) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Соңғы жаңалықтар