+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қытайдағы жойқын жарылыс: 11 адам мерт болып, 133-і  адам зардап шекті

2021 жылғы 13 маусым 12:00
Бөлісіңіз:
Қытайдағы жойқын жарылыс: 11 адам мерт болып, 133-і  адам зардап шекті

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні таңертең Қытайдың Шиянь қаласындағы (Хубэй провинциясы, Орталық Қытай) азық-түлік базарында жойқын жарылыс болды. Салдарынан кемінде 11 адам опат болды, 133 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың орталық телеарнасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Германияның Леверкузен қаласындағы химия зауытында жойқын жарылыс болды Қытайға жойқын дауыл таяп қалды: 1,6 млн-нан астам адам эвакуацияланды

Телеарнаның хабарлауынша, зардап шеккен 133 адамның 37-сінің жағдайы ауыр.

Алдын ала нұсқаларға сәйкес, төтенше жағдайға газдың кемуі себеп болуы мүмкін. Жарылыс Чжанвань ауданында жергілікті уақыт бойынша сағат 06:30 шамасында болған. Жарылыс салдарынан базардың ғимараты қирап, сол маңдағы үйлердің әйнектері сынған.

Куәгерлердің айтуынша, уақыттың ерте болғанына қарамастан базарда сатып алушылар көп болған, адамдар жақын маңдағы асханалардан таңғы ас ішіп отырған.

Қалада бірнеше қан құю станциясы жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер мен билік қала тұрғындарын қан құю станцияларына келіп, қан тапсыруға шақырды.

Төтенше жағдай орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT