БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Алдын ала таратылған мәліметтерге қарағанда, Қытайдың Сычуань провинциясында болған жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі сол елдегі консулдық бөлімге сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, Сычуань провинциясында жергілікті уақыт бойынша 21.19-да 6,5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Табиғат апатынан шамамен 2 мың адам бар қонақ үй ішінара бұзылғандығын хабарлаған болатынбыз.