Қытайдағы жер сілкінісінен 2 мыңдай адам бар қонақ үй құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Сычуань провинциясында жер сілкінді, деп хабарлайды РИА Новости.

6,5 балдық жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21.19-да  тіркелген. Кейін Қытай сейсмологиялық орталығы жер сілкінісінің күші 7 балды құрағандығын хабарлады.

Басылымның хабарлауына қарағанда, табиғат апатынан шамамен 2 мың адам бар қонақ үй ішінара бұзылған. 500 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қатты жер тербелісінен кейін жолдар бүлініп, қатынас нашарлаған.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин тиісті органдарға адамдарды құтқару және  апат салдарын азайту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар