Қытайдағы жер сілкінісі: 30 мыңнан астам турист эвакуацияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың батысындағы  Сычуань провинциясы Цзючжайгоу уезінде 30 мыңнан астам турист эвакуацияланды. Бұл туралы сәрсенбіде қытайлық CGTN телеарнасы хабарлады.

Ал табиғат апаты болған жерге жақын орналасқан Цзюхуан әуежайынан 600 турист эвакуацияланды.

Соңғы деректерге қарағанда, 164 адам жарақаттанып, тоғыз адам қаза тапқан.

Еске сала кетейік, Сычуань провинциясында жергілікті уақыт бойынша 21.19-да 6,5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Табиғат апатынан шамамен 2 мың адам бар қонақ үй ішінара бұзылғандығын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар