+7 (701) 759 90 19
USD 425.07 EUR 494.14
RUB 6.06 CNY 66.55
Jańalyqtar

Қытайдағы жер сілкінісі 3 адамның өмірін қиды, 60 адам жарақат алды

2021 жылғы 16 қыркүйек 10:44
Бөлісіңіз:
Қытайдағы жер сілкінісі 3 адамның өмірін қиды, 60 адам жарақат алды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында болған 6 балдық жер сілкінісінен 3 адам қаза тапты, 60-қа жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында жер сілкінді деген жалған ақпарат тарады Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді Қазақстан аумағында жер сілкінді

ҚХР сейсмология қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпуі бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:33-те Сычуань (оңтүстік-батыс Қытай) провинциясындағы Лучжоу қалалық округінің Лусянь уезі аумағында тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі - Лусянь уезінде үш адам қаза тапты, тағы 60 адам түрлі дәрежеде жарақат алды. 35 үй құлады, 190-ға жуық тұрғын үй қатты зақымдалды.

Апат аймағынан 7 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды.

Сычуань провинциясының Лусянь уезіне 1 миллионнан астам халқы бар 20-ға жуық елді мекен қарайды.

Сондай-ақ жер сілкінісіне байланысты төтенше жағдай аймағында жолаушы пойыздарының қозғалысы тоқтатылды.

Оқиға орнында апатты-құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT