+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Қытайдағы жаңа вирусты жұқтырғандардың нақты саны қанша - Әлемдік баспасөзге шолу

2020 жылғы 19 қаңтар 19:38
Бөлісіңіз:
Қытайдағы жаңа вирусты жұқтырғандардың нақты саны қанша - Әлемдік баспасөзге шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей назарларыңызға әлемдік баспасөзге шолуын ұсынады.

Аустралиядағы өрт: Викторияда су тасқыны болуы мүмкін - ВВС

Синоптиктер Аустралиядағы Виктория штатында қатты дауыл соғып, су тасуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды ВВС.

«Жақында жауған жаңбыр мемлекеттегі орман өртін әлсіретті, дегенмен, электр жарығының сөнуі мен жолдардың жабылуына алып келді. Қыркүйекте басталған өрттен кемінде 28 адам қаза тапты», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, жаңбыр өртті бәсеңдеткендіктен, премьер-министр Скотт Моррисон туризмді дамыту үшін 76 млн АҚШ дтлларын бөлетінін мәлімдеді. Ал туризм индустриясы кеңесінің мәліметінше, бұл сала 1 млрд доллар шығын келтірген. Ал жыл соңына дейін шығын 4,5 млрд долларға жетуі мүмкін.

«Викторияның метеорологиялық бюросы штатта қатты дауыл соғып, жаңбыр жауатынын хабарлады. Синоптиктер соңғы екі айдағы ең қатты жаңбыр жауатынын болжап отыр», деп жазады автор.


Зымыран қағып түсірген жолаушы ұшақтары тарихта болды ма? - Stern

Германияның Stern журналы Иранда зымыран атып түсірген авиалайнер оқиғасынан кейін әскерилердің азаматтық ұшақтарды атып түсірген сәттерін еске алды. Автордың айтуынша, мұндай оқиғалар бұған дейін де болған және оған қате түсіну, коммуникацияның жетпеуі әсер еткен.

«2014 жылдың 17 шілдесінде Украинаның шығысында осы елдің әскері Амстердамнан Куала Лумпурға бағыт алған Malaysia Airlines әуе компаниясының «Боинг 777» ұшағын атып түсірді. Оқиғадан 298 адам қаза тапты. Халықаралық зерттеу көрсеткендей, зымыран Ресейдің оңтүстік-батысындағы Курсктан атылған. Дегенмен, Ресей мен сепаратистер апатқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, 2001 жылы 4 қазанда Ресейдің «Сибирь» әуе компаниясының Ту-154 лайнерін де зымыран атып түсірген. 78 адам қаза тапқан. Апаттан бір апта өткен соң Украина ұшақты абайсызда атып түсіргенін мойындады.

«1988 жылы 3 шілдеде Парсы шығанағында да Иран ұшағы апатқа ұшырап, 290 адам қаза тапты. Иранның Бендер-Аббас әуежайынан Дубайға бағыт алған «Аэробус А300» 28 минутқа созылған рейсінің алғашқы минуттарында апатқа ұшыраған. Ұшақты америкалық крейсерден шығарылған екі зымыран атып түсірген», деп жазады басылым.


Қытайдағы жаңа вирусты жұқтырғандардың нақты саны белгілі болды - CNN

Ғалымдар Қытайдағы жаңа вирусты жұқтырғандардың нақты санын атады, деп жазады CNN.

«Қытайдың Ухань қаласының билігі жаңа вирустан екі адамның қаза тапқанын, 45 адамның вирус жұқтырғанын мәлімдеді. Дегенмен, Лондонда жүргізілген зерттеу нәтижелері жаңа вирусты жұқтырғандар саны 1 қаңтарда 1723 адамға жеткенін хабарлады», деп жазады агенттік.

Сонымен қатар ғалымдар вирус адамнан адамға жұғуы мүмкін екенін де анықтаған.

АҚШ-қа былтыр Уханьнан 60 мың адам барған, сол себепті Америка үш әуежайда бақылауды күшейтті.


Гарри мен Меган қазынаға шамамен 2,5 млн доллар қайтарады - The Guardian

Сассекс герцогы пен герцогинясы патшалық титулдан бас тартқандықтан, салық төлеушілердің ақшасын қазынаға қайтаруы тиіс. Бұл - шамамен 2,5 млн доллар, деп жазады The Guardian.

Кеше Англия патшайымы герцогтың шешімі бақытқа толы жаңа өмірді бастауға әсер етеді деп үміттенетінін айтты. Сонымен қатар ол Меганның отбасына тез сіңіп кеткенін мақтан тұтатынын жеткізді.

Көктемде шығатын жаңа келісімшарт бойынша Гарри мен Меган патшалық міндеттерден толық босатылады. Сонымен қатар олар патшалық отбасы жыл сайын қазынадан алып отыратын 82,2 млн долларды да алмайтын болады. Дегенмен, Гарри өзі құрған түрлі қайырымдылық қорларын қаржыландырудан бас тартпайды.

Естеріңізге сала кетсек, 8 желтоқсан күні Гарри мен Меган патшалық титулдан бас тартып, қаржылық тәуелсіздікті қалайтынын жеткізген еді.


Трамп импичмент ісіне қатысты айыптарды мойындаудан бас тартты - The New York Times

Трамп импичмент ісіне қатысты өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартты, деп жазады The New York Times Ақ үй жариялаған мәлімдемеге сілтеме жасап.

«Трамп импичменттің екі бабындағы айыптауларды да мойындамайды», деп жазылған құжатта. Сонымен қатар құжатта аталған себептер боынша Сенат импичментті кері жіберу керектігі де атап өтілген.

Дональд Трамптың адвокаттары импичментті АҚШ конститутциясына қарсы процесс деп атаған еді.

АҚШ конгресі импичмент ісін 25 қыркүйек күні бастады. Дональд Трамп өз қызметін асыра пайдаланып, Конгресс жұмысына кедергі келтірді деп айыпталып отыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айкүміс Болатбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT