Қытайдағы танымал қазақ сайтында «ЭКСПО -2017» айдары ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы танымал senkazakh.com сайтында «ЭКСПО -2017» арнайы айдары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.    

Онда, «ЭКСПО -2017» туралы қысқаша мәлімет», «ЭКСПО -2017» қашан басталады?», «Қазақ елінде өтетін ЭКСПО көрмесі туралы не білеміз?», «ЭКСПО -2017» көрмесінің ашылу салтанаты» секілді тақырыптар орналастырылыпты.

«Сен қазақ» сайтының жетекшісі Ақытбек Шеризатұлының айтуынша, бұл Қазақ елінде өтетін халықаралық көрмеге шеттегі қандастардың көптеп келуіне жол ашады.

«Қазақ елінің абыройы - әлемдегі әрбір қазақ баласының мүддесі. Қазақстанда өтетін «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесіне шеттегі қандастар да ат салысу керек деп ойлаймын. Сонымен бірге биылғы жыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы. Бұл айдарды ашудағы мақсатымыз - оқырмандарымызға көрме туралы  нақты мәліметтер бере отырып, қазақ елін насихаттау, көрмеге келгісі келетін туристерге бағыт-бағдар беру. Сол арқылы Қазақстан мен Қытайдың туристік саладағы қарым-қатынасын ілгерлету»,  дейді сайт жетекшісі.

null 

«Senkazakh.com» -100 мыңнан астам тұрақты тіркелушісі бар. Қытайдағы танымал қазақ сайты.

Соңғы жаңалықтар