Қытайдағы сұраныстың өсуіне қарай мұнай бағасы қымбаттай түсті

None
БАКУ. ҚазАқпарат – WTI маркалы мұнай фьючерстері жуырдағы шығындардың орнын толтыруға тырысып, барреліне 80 доллардан жоғары көтерілді, ал Brent бағасы бүгін сәл төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баку уақытымен сағат 9:30-ға қарай Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстері бағасы – барреліне $86,03. Бұл – алдыңғы сессияның жабылу бағасынан $0,09 (0,1%) төмен.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айындағы фьючерстерінің бағасы осы уақытқа дейін $0,11 (0,14%) өсіп, барреліне $80,66 дейін көтерілді.

АҚШ-тың эталондық мұнай маркасы бағасының өсуі ірі мұнай импорттаушы Қытайдағы сұраныстың одан әрі қалпына келу үмітімен, сондай-ақ шетелдік сатып алушылар үшін шикізатты тартымды етуге мүмкіндік берген доллардың әлсіреуімен байланысты.

Бейжің билігі Қытайда COVID вирусынан қайтыс болғандар мен ауыр жағдайлардың саны қазіргі кезде қаңтар айының басында байқалған ең жоғары деңгейден 70% төмен екенін мәлімдеді, бұл елдің экономикасы одан әрі қалпына келеді деген үмітті нығайтты.

Фото: Andrey Rudakov/Bloomberg News


Соңғы жаңалықтар