Қытайдағы соңғы бүркітшілер - қазақтар

None
None
ҮРІМЖІ. ҚазАқпарат -70 жастағы Қытай қазағы Қайым Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы өлкесіндегі қар мен мұз фестивалін асыға күткен болатын. Қарт бүркітші саятшылық өнерді 10 мың көрермен алдында паш етті,-деп хабарлайды Синьхуа.


Қайым ағасының көмегімен саясатшылық өнерді 40 жасында меңгерген екен.

«Бүркіт - ол асыл құс, яғни кез келген адамға бағына бермейді. Ағам қартайған шағында өзінің құсын маған тапсырды»,-дейді аңшы.

Бүркіттер ерекше қорғалатын құстардың тізіміне енгізілген, сондай-ақ Қытайда сұңқармен аңға шығуға тыйым салынған. Қайымның өнерін көпшілікке көрсетуі үшін фестиваль ұйымдастырушылары көп күш-жігер жұмсады.

 

«Адамдарға қазақтың бүркіт салу дәстүрі өте ұнайды. Кейбіреулері мені жануарларға қатыгездік танытып жүр деп айыптаған болатын. Алайда әрбір бүркітті отбасы мүшесі ретінде бағудамын. Атап айтқанда, немерелеріме қарағанда, құстарға көп көңіл бөліп жүрмін»,-деп ойымен бөлісті Қайым.

 

Соңғы бірнеше жылда Қайымда жеті қыран құсы болған көрінеді.

 

«Жас қыранды тәрбиге алған кезде оның қысқа дейін өсіп жетілуі үшін жақсы тамақтандырамын. Аңшы құстарды жаттықтыруға қаңтар айы қолайлы. Жазда бүркіттер күш-қайратын жинайды»,-деді қарт бүркітші.

 

Осы орайда ол жас қыранды тәрбилеп шығуға уақыт қажет екенін атап өтті.

Атап айтқанда, бүркіттер төрт жылға тарта мерзімде қолда болады, кейіннен олар табиғи түрде көбеюі үшін босатылады.

 

Негізі, Қайым осы кәсіптен пайда тауып жатқан жоқ, бірақ та ол бұл дәстүрді жалғастыру ниетімен жастарға үлгі болып отыр.

 

Бүгінде Шіңгіл ауданында 40 аңшы және 40 қыран бар. Қытайдағы бүркітшілердің орташа жасы 50-ден асқан. Осы ретте Қайым қарт өнердің осы түрін сақтап келе жатқан соңғылардың бірі болуы мүмкін екеніне алаңдаулы.

 

Соңғы жаңалықтар