Қытайдағы коронавирусқа қатысты жағдай әлемдік мұнай бағасына әсер етті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жұма күні Brent маркалы мұнай халықаралық биржаларда барреліне 87,08 долларға бағаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бейсенбі күнгі соңғы сауда-саттықта бұл маркадағы мұнай баррелінің құны 89,37 долларға жеткенімен, кешегі күнді 86,88 доллармен аяқтады. 2 желтоқсан күнгі сағат 12:55-тегі жағдай бойынша мұнайдың эталондық маркасының бағасы 0,23 пайызға өсіп, барреліне 87,08 долларға жетті. WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 81,22 долларды құрады.

Мұнай бағасының ішінара өсуіне Қытайдың COVID-19-ға «нөлдік төзімділік» стратегиясының әлсіреуі ықпал етіп отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, Қытайда жаппай наразылықтан кейін коронавирус шектеулері жеңілдеді.


Фото: aa.com.tr

Соңғы жаңалықтар