+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Қытайдағы коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғалары тұрғындар арасында дүрбелең туғызды

2021 жылғы 16 мамыр 17:28
Бөлісіңіз:
Қытайдағы коронавирус жұқтырудың жаңа оқиғалары тұрғындар арасында дүрбелең туғызды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Аньхой және Ляонин процинцияларында COVID-19 жұқтырудың жаңа оқиғалары жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең туғызып, коронавирусқа қарсы жаппай екпе салғызуына себепшы болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Global Times газетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Сары» аймақтағы Атырау: Стационарларда 341 науқас жатыр Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 55 пайыздан астамы Орал қаласында тіркеліп отыр Ақтөбеде инфекциялық стационар саны азайды

Қытайдың әлеуметтік желілерінде Аньхой провинциясының Хэфэй қаласындағы ауруханалардың біріндегі екпе салдырту пунктінің қасында орнаған адам кезегін көрсеткен видео шықты.

Өткен жұма күні Хэфэй қаласында COVID-19 вирусына қарсы 364 мыңнан астам вакцина егілген. Бұл бір күнде салынған екпелер саны бойынша рекордтық көрсеткіш болды. Қытайдың екі провинциясындағы 12-ге жуық елді мекен орташа қауіптегі эпидемиологиялық аймақтар санатына ауыстырылды. Бұл коронавирус жұқтырудың жаңа расталған оқиғаларының анықталуына байланысты болған. Жұма күнгі мәлімет бойынша, Аньхой және Ляонин провинцияларында коронавирусқа шалдығудың жеті оқиғасы тіркелді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT