+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қытайдағы коронавирус пойызбен жүк тасымалдауға еш әсер етпейді - Қайрат Сауырбаев

2020 жылғы 28 қаңтар 12:53
Бөлісіңіз:
Қытайдағы коронавирус пойызбен жүк тасымалдауға еш әсер етпейді - Қайрат Сауырбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайда коронавирустық инфекцияның таралу жағдайы пойызбен жүк тасымалдауға еш әсер етпейді. Бұл туралы елордада өткен брифингте «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ бас директоры Қайрат Сауырбаев айтты.

«Бұл мәселе негізінде жолаушылар тасымалдауға қатысты. Біз жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Осы мақсатта ҚТЖ-да арнайы штаб құрылды. Бізде Қытайға баратын екі пойыз бар. Біз жолаушылардың да, қызметшілердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастырамыз. Ал жүк тасымалдауға қатысты ешқандай мәселе жоқ», - дейді Қайрат Сауырбаев.

Ол министрлікке Қытайға баратын жолаушылар пойыздарын уақытша тоқтату туралы ұсыныс айтылып отырғанына тоқталды.

«Достық» және «Алтын көл» станцияларынан Қытайға қарай екі пойыз жүреді. Біз министрлікке жолаушылардың аз болуына байланысты пойызды уақытша тоқтата тұру туралы ұсыныс айттық. Мендегі мәлімет бойынша, «Достық» станциясынан 8-9 адам отырса, «Алтын көл» станциясынан 35-36 адам отырады. Осы себепті екі жолаушылар пойызын уақытша тоқтатқымыз келеді«, - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қытай, ҚТЖ, Көлік, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT