Қытайдағы кеме апаты: 11 адам құтқарылды, 7-еуі із-түзсіз жоғалған

None
None
ХАНЧЖОУ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясына жақын жердегі айдында балық аулайтын кеме суға батып кетті . 11 адам құтқарылды, жетеуі жоғалып кеткен, деп хабарлады Синьхуа агенттігі жексенбіде жергілікті билікке сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы және ауыл істері провинциялық департаментінің мәліметі бойынша, кеме сенбі күні кешкі 8-дер шамасында Чжоушань қаласынан шығысқа қарай шамамен 180 теңіз милі қашықтықта суға батқан.

Қазіргі уақытта 11 адам құтқарылды, 7 адам ұшты-күйлі жоғалып кетті.

Оқиға болған жерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге 26 кеме жұмылдырылды.

Келеңсіз жағдайдың себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар