Қытайдағы қазақтар өткізген ерекше той серуені елді таңғалдырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы қазақтар арасында өткен ерекше той серуені елді таңғалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытайдың wechat желісінде тараған бейнежазба қазақтың ежелгі тұрмыс-тіршілігін көз алдыңызға әкелгендей әсер қалдырады. Онда, үйленіп жатқан қыз-жігіт ақбоз атқа мініп, қасына жора-жолдастарын ертіп серуенге шыққан. Қаз-қатар тізілетін қымбат машиналардың орнына ат шаналарды көруге болады. Түлкі тымақ, қасқыр ішік киген қыз-жігіттер тойдың сәнін келтіріп тұр.

Желі қолданушылары бұл бастамаға ризашылықтарын білдіріп, екі жасқа бақыт тілеуде. «Соңғы кездері Қытайдағы қазақтар арасында дәстүрлі той серуендері  көбейіп келеді. Бұл да болса ұлтымыздың салт-дәстүрін ардақтаудың, оны бүгінгі ұрпақ санасына сіңірудің бір жолы болар», - деп жазады пікір білдірушілер.

 

Соңғы жаңалықтар