Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 26 °С
Алматы: 30 °С
USD 343.45 EUR 399.57
RUB 5.52 CNY 51.28
Жаңалықтар

Қытайдағы қазақтар «Бауырсақ Talk» атты жаңа медиа жобаны дамытуда

2017 жылғы 4 маусым 20:12 2231
Бөлісіңіз:
Қытайдағы қазақтар «Бауырсақ Talk»  атты жаңа медиа жобаны дамытуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Бейжіңде Қытайдағы қазақ диаспорасының «Бауырсақ Talk» атты жаңа медиа жобасының түсірілімі өтті. Бұл жайында ҚазАқпараттың Қытайдағы арнаулы тілшісі Садық Әкежанов хабарлады.

Шараны қытайдағы қазақтар арасында кең танымалдыққа ие Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының телерадио кешені жанындағы видеороликтерді тарату жөніндегі Bawrsak интернет-тұғырнамасы, сонымен қатар қытай тіліндегі микроблогтар арасында қазақ мәдениетін насихаттайтын «Сақ тайпасы» блогы (Sakh Taypasi, Sake Buluo) ұйымдастырған.

Көрерменнің басым бөлігі Қытай еліндегі қазақ диаспорасының жастары құраған шарада үш спикер қытай тілінде сөз арнады. Олар: Цинхуа университетінің түлегі, ҚХР-дағы ірі фармацевтикалық компаниялардың бірінің өңірлік директоры, қазақстандық Баян Қоңырбаев, сандық технология және робот техникасы жөніндегі маман Батыр Мақабылұлы, австриялық банктің бейжіңдегі филиалы директорының орынбасары Риза Райымбекқызы.

«Бұл жоба табысты адамдардың өзгелермен, ең бірінші кезекте жастармен тәжірибелерін бөлісіп, жинаған білімін өзгелерге үйретуге, оларға үлгі-өнеге көрсетуге бағытталған», - деді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген Bawrsakh Talk жобасының жүргізушісі, ҚХР ШҰАА телерадио кешенінің жанындағы Bawrsak интернет-тұғырмасы қазақ редакциясының өкілі Жанболат Макейұлы.

Оның атап өтуінше,  «Бауырсак Talk» жобасы алғаш рет 2017 жылдың 29 наурызында Үрімші қаласында өткен.

Bawrsak интернет-тұғырнамасы қытай үкіметі тарабынан қолдауға ие болып отыр және «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы аясында жүзеге асырылуда.

 

 


Басты сөздер: Қандастар, Жастар,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат