Қытайдағы «Қазақ жауынгері» кезекті жекпе-жегін тағы да нокаутпен аяқтады

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - WBO тұжырымы бойынша жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін - 118 фунт) Азия чемпионы, 23 жастағы қытайдағы қазақ боксшысы Елшат Нығматоллаұлы (11-0-1, 3КО) 13 -інші жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Қазақ жауынгері» 6 қаңтар күні қытайдың Шэньчжэн қаласында 6 раундқа жоспарланған кезекті айқасын өткізіп, индонезиялық  қарсыласы Икал Тобиданы (13-23-1, 8КО) 3 раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірді.

Еске сала кетсек, 15 желтоқсан күні Елшат Нығматоллаұлы 12 -інші жекпе-жегінде индонезиялық боксшы Рики Мануфоэны (27-32-3, 10КО) 4-ші раундтың соңғы минутында нокаутқа жіберген болатын.

Айта кетейік, Елшат қазақстандық боксшы Қанат Исламның (25-0, 20КО) жерлесі.

Соңғы жаңалықтар