Қытайдағы қауіпті ауру: Бейжіңде екі адам дертінен айықты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай астанасында жаңа коронавирус қоздырған пневмонияны жұқтырған екі адамды дәрігерлер емдеп шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Жергілікті БАҚ мәлімет бойынша, өткен жұмада «Жаңа коронавирустық инфекция» диагнозы анықталған азаматша Бейжіңдегі ауруханалардың бірінде оқшауланған ем алып, сауығып шықты. 8 қаңтар күні қауіпті вирустың ошағы саналатын Хубэй провинциясынан Бейжіңге қайта оралып, өзін нашар сезінген. Оны қайтадан ауруханаға жатқызды. Бейжіңдегі Дитан ауруханасының есебінде, дәстүрлі қытай медицинасының емшаралары мен батыстық дәрілерді қолдану арқасында әйел адамның жағдайы жақсарды.

Кеңесе келе, сарапшылар тобы ұлттық стандарттарға сәйкес оны емханадан шығаруға болады деген қорытындыға келді.

Ауруынан айығып кеткен екінші науқас та осы емханада емделген. Сенбі күні ол медициналық мекемеден шығарылды.

Бұрынырақ жергілікті БАҚ Қытай мегаполисі Шанхай қаласында жаңа коронавирусты жұқтырған алғашқы адам емделіп шыққанын хабарлаған болатын.

Автор:

Руслан Сүлейменов



Соңғы жаңалықтар