Қытайдағы қандасымыз қарсыласын 2 минут 19 секундта сұлатып тастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда тұратын қандасымыз Жұмабек Тұрсынұлы MMA түрі бойынша «Күнлүн» сайысындағы тұңғыш жарысына қатысып, жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қандасымыз осыған дейін спорттық мансабында 23 жекпе-жек өткізіп, оның 18-інде жеңіске жетіп, 1 рет қарсыласымен тең түссе, 4 рет ұтылып қалған болатын.

Ал желтоқсанның 15-і күні MMA бойынша «Күнлүн» сайысында тұңғыш рет бақ сынап, бұл сайыс түрі бойынша алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Ол жекпе-жек кешінде Грузиядан келген Паата Робакидзені қапы қалдырды. Жекпе-жек небәрі 2 минут 19 секундқа созылды. Қазақ батырының бүйірден тепкен жойқын соққысы қарсыласын есінен тандырып, жарыс жолынан шығарды.

Соңғы жаңалықтар