Қытайдағы қандастар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына өлең арнады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бейжіңде «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ өкілі Аманжол Ибрагимов (Аман Асубай) Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнап «Ширек ғасыр Елдікке» өлеңін жазды, деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Жұмыс бабымен Қытайда 18 жылдан астам тұрып жатқан Қазақстан азаматы еліне деген ыстық сезімін осылай білдірді:

Ширек ғасыр көк байрақ желбіріне,
Қазақтың тік түтіндік елдігіне.
Жебелер мен найзасы бабалардың,
Белгісі боп даламның кеңдігіне.

Ширек ғасыр арманның алауына,
Бабалар бата берген қалауына.
Келешекке ұмтылған батыр ұрпақ,
Кезекпенен келер ау қарауылға.

Ширек ғасыр батырлар жырланғалы,
Жиналғалы ұлы жұрт жүз таңбалы.
Жұлымданған тағдырды жұбатуға,
Егемендік бақыт кеп мұңымды алды.

Ширек ғасыр ұйқыдан оянғалы,
Оюларым әрлене боялғалы,
Таулардың шыңындағы әуенінің,
Сыбдыры жүрегімде аялдады.

Ширек ғасыр тілдің де тіреуіне,
Құлшынған бабалардың тілеуіне.
Жоғалғандар табылды тариxтардан,
Көнбеген ғасырлардың күреуіне.

Ширек ғасыр батырлар арманына,
Сол ерліктер ел болып жалғануда.
Түркінің түмендері дүбірлеп тұр,
Отаудың оты сөніп қалмауына.

Ерен xалқым елдігің еселенсін,
Тәуелcіздікке тағдырды төсегенсін,
Ғасырларға жалғанған жанарыңнан,
Мәңгілік ел ұрпағы өсе берсін!

Естеріңізге салайық, 2015 жылғы желтоқсанда Аманжол Ибрагимов халықаралық тасымалдау саласындағы қысқаша орыс-қытай сөздік-анықтамасын шығарды.

Соңғы жаңалықтар