Қытайдағы қандастар Джеки Чанға тұлпар мінгізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономия өлкесі Іле Қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданын мекендейтін қандастарымыз Оскар сыйлығының иегері, әлемге танымал қытайлық актер Джеки Чанға шапан жауып, тұлпар мінгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Weibo әлеуметтік желісінде тараған видеолардан танымал актердің Шыңжаңға сапары кезінде жергілікті тұрғындардың ыстық ықыласына бөленгенін, сондай-ақ қазақы салт-дәстүр бойынша құрметті қонақ ретінде тұлпар сыйға алғанын көруге болады.

Кадрларда басына қазақы тақия киіп, қолына қамшы ұстаған Джеки Чан өз рахметін айтып жатты және елмен бірге ән салды.

Айта кетейік, Джеки Чан Шыңжаңға осы жолғы сапарында 2005 жылы жарық көрген «Миф» киносының жалғасын түсірген.





Соңғы жаңалықтар