Қытайдағы Хубэй провинциясында бөгеттегі апатқа байланысты 5 мың адам эвакуацияланды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – ҚХР билігі Хубэй провинциясындағы (елдің орталығы) бөгетте болған апатқа байланысты 5 мыңнан астам тұрғынды эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың Орталық телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, төтенше жағдай Шиянь қаласындағы Эпин нысанында болған. Бөгеттің бүлінген учаскесінде қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды.

Құзырлы органдар апаттың себебін анықтап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар