Қытайдағы ең бай адамның ұлы итіне iPhone 7-нің сегіз данасын алып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Құрлықтық Қытайдың жылжымайтын мүлік патшасы» Ван Цзяньлиннің 28 жастағы ұлы Ван Сиконг өзінің маламут Коко есімді итіне сегіз iPhone 7 телефонын сатып алып берді.

Бұл туралы қытайлық БАҚ-қа сілтеме жасап, Daily Mail хабарлады.

Иттің Weibo әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтында iPhone 7 сатылымға шығарылған алғашқы күні-ақ телефон қораптарының суреттері жарияланды. Айта кетейік, иттің аталмыш әлеуметтік желіде 1,9 миллион оқырманы бар.

Бір жыл бұрын Ван Сиконг өз итіне әрқайсысы 12 мың доллар тұратын екі Apple алтын сағаттарын сатып алған болатын.

Ван Сиконг табысты бизнесмен және 30 жасқа дейінгі қытайлық ең бай кәсіпкерлердің бірі болып табылады. 

Соңғы жаңалықтар