Қытайда жыл сайын 13,1 млн. жұмыс орыны ашылады - елші Ханьxуэй

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы баспасөз мәслиxатында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьxуэй өз еліндегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Елшінің сөзіне қарағанда, Қытайда жыл сайын 13,1 млн. жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі жұмыссыздармен қатар жылда 5,5 млн. жоғары оқу орындарының түлектері еңбек нарығына жолдама алады. Оларды да жұмыспен қамту қажет.

«Енді, қазіргі кезде қалаларда жұмыссыздықтың деңгейін 4,5 пайыздан асырмау міндеті тұр. Дегенмен, оның барлығы статистика екенін мен де жақсы түсінемін. Себебі өндірістік жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде көптеген адамадар жұмыссыз қалып жатады. Осыған байланысты мемлекет ондай адамдарды қайта даярлап, жұмыспен қамту шараларын жүргізіп отырады», - дейді Ханьxуэй мырза.

Оның айтуынша, бүгінде Қытай коммунистік партиясының басты мақсаты - кедейшілікті толығымен жою. Алдағы бес жылда аталған мақсатты орындау міндеті қойылды. Ол үшін жыл сайын 10 млн. адамды кедейшіліктен шығарып отыру қажет.

Соңғы жаңалықтар