+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Қытайда жүк кемесі суға батып кетті: 7 адам хабар-ошарсыз жоғалған

2020 жылғы 31 желтоқсан 16:03
Бөлісіңіз:
Қытайда жүк кемесі суға батып кетті: 7 адам хабар-ошарсыз жоғалған

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Шығыс Қытай теңізінде Чжоушань қаласының маңында бортында 13 адам болған құрғақ жүк тасымалдаушы кеме суға батып кетті. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі бейсенбі күні Чжэцзян провинциясының іздеу-құтқару орталығына сілтеме жасап мәлім етті,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда әйел баласымен бірге көп қабатты үйдің балконынан секірмек болған Семейде құтқарушылар жол апатына ұшырап, көлікке қысылып қалған адамды шығарды Сәтбаевта жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Провинцияның іздеу-құтқару орталығы өткен сәрсенбіде құрғақ жүк кемесінен қатты толқындардың салдарынан жүк тұратын бөлігі су астында қалғаны туралы апат сигналын алған болатын. Бортта экипаждың 13 мүшесі болған, олардың төртеуі құтқарылды, екеуі қаза тапты, ал қалғандары хабар-ошарсыз кетті. ТЖ ауданында іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп, оған 20 құтқару кемесі жұмылдырылды. Жүк кемесі Фуцзянь провинциясының Сямэнь теңіз портына 4,7 мың тонна бетон апара жатқан.

Авторы: Руслан Сулейменов



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT