Қытайда жоғалған балалардың фотосуреттері су құйылған бөтелкелердің сыртына жапсырылатын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желтоқсанда Қытайда жоғалған балаларды іздестіру бойынша жаңа компания жұмысын бастамақ. Ауыз су құйылған бөтелкелерге балалар суреттері жапсырылып, олар туралы ақпарат орналастырылады.

Жоба Baobeihuijia.com. кәмелетке толмағандарды іздеу бойынша ірі интернет-порталдың жәрдемдесуімен іске асырылады.

Бірінші партия 8 бен 18 жас аралығындағы балалардың фотосуреттері бар 500 мың бөтелкені қамтиды, деп хабарлайды «Наньцзао жибао». Жоғалған балалардың ата-аналары оларды ауыз су құйылған бөтелкелердегі фотосуреттердің көмегімен іздеуге келісімдерін берді.  Суды адамдар көп шоғырланатын жерлерде: сауда орындарында, метрода, вокзалдар мен өзге де жерлерде сату болжанып отыр.

Baobeihuijia.com интернет-порталы 1704 баланы табуға көмектескен. Порталда жалпы саны  31 мың отбасы балаларын іздестіруде, деп жазады epochtimes.ru.

Соңғы жаңалықтар