Қытайда жеті адам тағамға уланып, көз жұмды

None
None
ХАРБИН. Синьхуа-ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстік шығысындағы Хэйлунцзян провинциясында жеті адам түскі тамақ жегеннен соң, тағамға уланып қайтыс болған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап.

Тағамнан улану Цзидун үезінің Ван есімді тұрғыны өз отбасының сегіз мүшесімен бірге бір жыл бойы мұздатылған түрінде сақталған жергілікті тағам – ашыған кеспені жегеннен кейін орын алды. Полиция тағаммен улау арқылы қасақана өлтіру нұсқасын оқиға орнында табылған кеспеден уытты материалдардың ізі табылмағандықтан теріске шығарды. Алдын ала зертханалық зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, кеспедегі афлатоксин мөлшері тиісті нормадан әлдеқайда жоғары болған. Тергеу афлатоксинмен уланған деген ұйғарымға келіп отыр.


Соңғы жаңалықтар