Қытайда жер үйден өрт шығып, жеті адам қаза тапты

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының Нинбо маңындағы жеке үйден өрт шығып, салдарынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Пэнпай басылымына сілтеме жасап.

Хабарламаға сәйкес, 11 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:20 шамасында Нинбо қаласы (Чжэцзянь провинциясы, Шығыс Қытай), Туань ауылындағы үйлердің бірінде өрт шыққан.

Дабыл сигналы бойынша өрт орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелері, жедел жәрдем бригадасы және басқа да төтенше жағдайлар қызметі барды.

Өрт бір сағаттан кейін 23:30-да сөндірілді. Өрт салдарынан жеті адам қаза тапты. Төтенше жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталуда.


Фото: pixabay.com



Соңғы жаңалықтар