Қытайда жер сілкінді
2022 жылғы 30 сәуір 08:55

Қытайда жер сілкінді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 30 сәуір күні Алматы уақытымен 01 сағат 43 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 602 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,2, магнитудасы – 4,4.

Жерасты дүмпуі 5 километр тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT