Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қытайда жемқорларды қалай атқанын көрдім – Мемлекет басшысы

2019 жылғы 21 шілде 23:19 342
Бөлісіңіз:
Қытайда жемқорларды қалай атқанын көрдім – Мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнадан» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде жемқорлық туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жер учаскелерін заңсыз таратқан әкім мен орынбасары сотталды 200 мың теңге пара алған әкім он млн теңге айыппұл төлейді Өскемен әкімінің орынбасары қызмет көлігін жеке мақсатқа пайдаланған

Ресейлік журналист Алексей Пивоварпен сұхбат барысында ҚР Президенті жемқорлық үшін өлім жазасына кесілгендерді өз көзімен көргенін жеткізді.

«Бір рет жемқорлықпен ұсталған адамдардың стадионда атылғанын көрдім. Ондай да болған. Әсері ауыр енді. Жүк машинасынан көздері байлаулы адамдарды түсіріп әкелді де, үкімдерін оқып шықты. Әр адамның желкесінен атты. Бұл 1988 жылы Қытайдың оңтүстігіндегі қалалардың бірінде болды», - деп еске алды Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жазаға қатысты өзінің пікірін білдірді.

«Бір жағынан мұндайды көрудің өзі ауыр. Екінші жағынан сынап та отырған жоқпын. Бұл сол мемлекеттің тарихи және мәдени дәстүрі. Егер осындай тәсіл қолданбаса, елдегі жағдайды бақылауда ұстай алмау қалуы мүмкін. Айтпақшы, ол жақта тек жемқорлық үшін ғана емес, тонау, қарақшылық, зорлық көрсету сияқты қылмыстар үшін де ату жазасы қолданылады», - деді Президент.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев «31» арнадан жүріп жатқан «Президент 2.0» деректі фильмінде Президент лауазымына қалай бой үйреткенін де айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT