Қытайда жанармай мен дизель отыны арзандайды

None
Фото: russian.news.cn
БЕЙЖІҢ.ҚазАқпарат – Әлемдегі мұнай бағасының өзгеруіне байланысты Қытайда жанармай мен дизель отынының бөлшек бағасы арзандайды. Бұл туралы ҚХР Даму және реформалар істері мемлекеттік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жанармай мен дизель отыны бағасы 160 юань / шамамен 23,11 АҚШ доллары / және сәйкесінше тоннасына 155 юань-ге арзандайды, деп мәлімдеді мекеме.

Елдегі баға белгілеу механизміне сәйкес, мұнай өнімдері бағасы шикі мұнайдың әлемдік бағасының өзгеруіне қарай реттеледі.

ДРМК Қытайдың алдыңғы қатарлы үш мұнай компаниясы - China National Petroleum Corporation, China Petrochemical Corporation және China National Offshore Oil Corporation-нан нарықтағы ұсыныстың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерінің өндірісі мен тасымалдауды ұйымдастыруды талап етті.


Соңғы жаңалықтар