+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Қытайда жаңа вирусты жұқтырғандар саны күрт артты

2020 жылғы 24 қаңтар 09:56
Бөлісіңіз:
Қытайда жаңа вирусты жұқтырғандар саны күрт артты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайда коронавирусты жұқтырған тағы 259 адам анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдың Орталық телеарнасына (CCTV) сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Тауары ҚХР-мен шекарада тұрып қалған кәсіпкерлер үшін жедел желі қосылды Тарбағатай ауданында оқшаулау орталығы болмайды – аудан әкімі Даниал Ахметов бастаған комиссия мүшелері Майқапшағай кеден бекетіне барды

CCTV мәліметі бойынша, соңғы тәулікте 27 провинцияда (аудан, қалалар) 259 адам вирус жұқтырып, 8 адам қаза болды.

«23 қаңтар сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, 29 провинцияда (аудан, қалалар) жаңа коронавирусты барлығы 830 адам жұқтырғаны расталып, өліммен аяқталған 25 оқиға тіркелді», - делінген Қытайдың Денсаулық сақтау және гигиена бойынша ұлттық комиссиясының хабарламасында.

Жаңа коронавирусқа Гонконгта - 2, Макаода - 2 және Тайваньда 1 адам шалдыққаны зертханалық жағдайда расталды.

Сонымен қатар, Таиланд (3), Жапония (1), Оңтүстік Корея (1), АҚШ (1), Вьетнам (2) және Сингапурде (1) инфекцияны жұқтырған тоғыз науқас тіркелді.

Сырқаттармен байланыста болған барлығы 9507 адам оқшауландырылды: олардың 1087-і ауруханадан шығарылды, ал 8420-ы әлі де карантинде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қытай, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT