Қытайда жабайы піл 15 көлікті қиратты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық қорықтан жабайы піл шығып кетіп, тұрақта тұрған 15 көлікті қиратты, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.

Оқыс оқиға жұма күні кешке Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында орын алды. Жергілікті қорықтан қашқан Чжусунья деген лақап атқа ие піл 20 минуттың ішінде «туристердің тұрақта тұрған көліктеріне барып, оларды таптаған», деп жазды Синьхуа. Жалпы алғанда піл 15 көлікке зақым келтірді. Кейін ол азық табу үшін қорыққа қайта оралды.

Полиция және қорық қызметкерлері қауіпсіздік мақсатында жақын маңдағы жолдарды жапты.

Соңғы жаңалықтар