Қытайда жабайы аң етін жеуге тыйым салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай заң шығарушылары сирек кездесетін аң етін жеуге тыйым салды. Бұдан былай бұл елде тізімге енген аң етін жегені үшін 10 жылдан жоғары бас бостандығынан айыруы мүмкін, деп жазады шетелдік БАҚ.

Қорғауға алынған аңдар тізіміне алып пандалар, алтын маймылдар, гималай аюлары, панголиндер сынды 420 түрлі жабайы аң кіреді. Олардың көбіне өмір сүретін ортасының бұзылуы, медициналық мақсатта немесе азық үшін аулануы себепті мүлде құрып кету немесе санының тым азаю қаупі төніп тұр.

Сирек кездесетін аң етін азық үшін аулау оқиғасы елде ауқатты адамдар көбейген сайын артып келеді. Олар бір рет бұндай шипалы ас ішу үшін мың юаньін де аямайды. Бұндай сұраныстың болуы - ұсыныстың артуына әкеп соғатыны белгілі. Осы себепті аңшылар заңсыз түрде күн сайын аңдарды атуды көбейте берген. Жаңа заң бойынша заңсыз ауланған аң етін сатып алу қылмыспен тең саналады.

Соңғы жаңалықтар