Қытайда зауытта өрт болып, 36 адам көз жұмды

None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Хэнань провинциясының (Орталық Қытай) Аньян қаласындағы зауытта болған өрттен 36 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The paper басылымына сілтеме жасап.

Аньян қаласындағы кәсіпорында өрт 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша 16:22-де болған. 3,5 сағаттан кейін ғана өрт сөндірушілер өртті бақылауға ала алды. Сағат 23:00-де өрт толығымен сөндірілді.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні сағат 06:10-дағы жағдай бойынша өрт салдарынан 36 адам қаза тапты, екеуі хабар-ошарсыз кеткен, тағы екі адам жеңіл жарақат алды.
Оқиғаның себебін анықтау үшін өрт болған жерде тергеу амалдары жүріп жатыр.


Фото: pix.avax.news

Соңғы жаңалықтар