Қытайда Яги дауылы салдарынан 205 мыңға жуық адам эвакуацияланды

None
None
ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясын сағат кешкі 11:35-тер шамасында биылғы жылы он төртінші рет қайталанып тұрған Яги дауылы жапырып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті Су тасқынымен күрес басқармасының мәлімдеуінше, тайфунның эпицентріндегі желдің жылдамдығы сағатына 102 шақырымға жеткен.

Жексенбі күні провинцияның Тайчжоу, Чжоушань және Вэньчжоуды қосқанда 10 қаласының 204 959 тұрғыны эвакуацияланған. Балық аулаушы 20 949 және өзге де 4 526 кеме жергілікті кемежайларға қайтарылды, делінген Су тасқынын бақылау жөніндегі штаб-пәтердің хабарламасында.

Жексенбіден дүйсенбіге дейін қатты дауыл тұрып, оның соңы нөсерлі жаңбырға ұласады деп күтілуде. Сондай-ақ, дауыл солтүстік-батысқа қарай ауысып, бірте-бірте басылады деп болжануда.

Қытайдың метеорологиялық қызметі Яги тайфунына байланысты жексенбі күні ауа райы қауіптілігінің «көк» деңгейін жариялады. 

Соңғы жаңалықтар