Қытайда XIX Азия ойындарының алауы ресми түрде жағылды

None
Фото: Xinhua
БЕЙЖІҢ-ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы ежелгі Лянчжу қаласында XIX Азия ойындарының алауы жағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Азия ойындары-2022 ұйымдастыру комитетіне сілтемемен.

2022 жылғы Азия ойындарының алауы бүгін Қытайдың шығысында, Чжэцзян провинциясындағы ежелгі Лянчжу қаласында жағылды. Бұл – XIX Азия ойындарының ашылуына 100 күн қалғанын білдіреді.

Ойындар 2023 жылдың 23 қыркүйегінен 8 қазанынан дейін Ханчжоуда өтеді.


Еске салайық, XIX Азия ойындары 2022 жылдың 10-25 қыркүйегі аралығында өтуі тиіс болатын. Кейін 2023 жылдың күзіне ауыстырылды.

Азия ойындары Қытайда үшінші рет ұйымдастырылмақ. 1990 жылы жарыс Бейжіңде, 2010 жылы Гуанчжоуда өтті.


Азия ойындары-2022 ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, Ханчжоудағы ойындардың спорттық бағдарламасында 40 спорт түрі, 61 дисциплина және 483 іс-шара енген. Киберспорт пен брейк-денс жарыстары Азия ойындарында алғаш рет өткелі жатыр. Құрлықтық додаға Азия елдерінен 12 мың адам қатысады, соның ішінде Қазақстан спортшылары да бар.


Соңғы жаңалықтар