Қытайда ұзақ уақыт сақтауға болатын қымыз нарыққа шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Іле Қазақ автономиялы облысында «Арыс» сауда белгісімен ұзақ уақыт сақтауға болатын қымыз нарыққа шығарылды, деп жазады қытайлық kazakcnr.com (CNR) сайты.

Аталған дереккөздің хабарлауынша, Іле Қазақ автономиялы облысының Күнес ауданындағы қымыз өнімін шығаратын өндіріс орталығына 3 миллион юань қаржы жұмсалған.

Осы кешенде «Арыс» сауда белгісімен өндіріліп жатқан қымызды 6 айға дейін сапасын жоғалтпай сақтауға болады. Мұндағы барлық өндіріс барысы автоматтандырылған. Ал қажетті озық техникалардың кейбірін Германиядан тапсырыспен алдырған. Нарықта 750 мл ыдысқа құйылған «Арыс» 28 юаньға (теңгеге шаққанда 1500 теңге) сатылса, ал 300 мл ыдысқа құйылғаны 12 (650 теңге) юаньға бағаланған.
null

Кәсіпорын жазғы уақытта күніне 10 тонна, қыста 1 тоннаға дейін қымыз дайындап, саудаға шығарып жатыр.
null

Соңғы жаңалықтар