USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қытайда түйе баққан ауқатты қазақ – Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

2021 жылғы 20 маусым 10:55
Бөлісіңіз:
Қытайда түйе баққан ауқатты қазақ – Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматыдағы ҚазАқпарат тілшілері марапатталды 4 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы 2 желтоқсанда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Горганда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті - Parstoday


Қазақстан республикасының Горган қаласындағы бас консулдығының ұйымдастыруымен осы қалада Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ирандық Parstoday ақпараттық порталы.

Дөңгелек үстелді Қазақстанның Ирандағы төтенше және өкілетті елшісі Асхат Оразбай жүргiзген.


«Мерекелік шараға Гүлістан облысының әкімі Хади Хақшенас, Иран Мәжiлiciнің депутаттары, Горган сауда палатасының төрағасы, жергілікті басшылар мен қазақ диаспорасының өкiлдерi қатысып, пікір aлмасты», деп мәлімдейді Parstoday.


Түйе бағу базасындағы ауқатты қазақ бақташы - CNR


Ағымдағы аптада Қытайдың «Ағажай-Алтай» порталында осындай тақырыпта ақпарат жарық көрді.

Шыңжаңның Алтай аймағындағы Жеменей ауданы Шалшықай ауылының солтүстігіндегі 24 километр жердегі түйе бағу базасында қаз-қатар тізілген ірі тұрпатты бүркіп суару құрылғыларының жайылымды суарып жатқандығын байқауға болады, деп хабарлайды altxw.com ақпараттық баслымы.

Аталған түйе бағу базасының бастығы Досбол Базарқанұлы түйе бағу тәжірибесі мол азаматтың бірі. Ол Шыңжаң Уаңюан био ғылым-техника компаниясының қызметкері. Досбол базадағы отбасыларына ауланы тазалау, түйе сауу қатарлыларды үйретеді.

«Қазір осы базада жиыны 2063 түйе бар, 50-ден астам адам тұрақты жұмыс істейді. Олар айына 3600 юань жалақы алады. 2019 жылы маусым айында құрылған бұл база аудан бойынша 1026 отбасы жайылымды жалға беру, түйе бағу, жұмысқа орналасу, пайдадан үлес алу қатарлы тәсілдермен отбасылқ кірістерін арттырды. Сол арқылы бұл жердегі әр адамның айлық кірісі орта есеппен 6000 юаньнан асты (390 000 теңге көлемінде - авт.)», деп жазады қытайлық БАҚ.


База ішіндегі «Түйе бағымшылығы бақшасы» деп аталатын сауда дүкенінің қожайыны Жаңанұр Керімқызы бір жағынан кесте тігеді екен. Жаңанұр мен жолдасы түйе бағу базасының тұрақты қызметкері. Олар айына 7000 юаньнан астам (455 000 теңге көлемінде - авт.) еңбекақы алатынын айтады. Бос уақыттарында ерлі-зайыптылар база ішінде дүкен, асхана ашады.


Айта кету керек, бұл арадағы қазақ малшылар ежелден бері түйе бағуды кәсіп еткен. Жуырдағы жылдардан бері бұл кәсіпті белсенді дамытып, «бірлескен коператив, бағымшылық базасы, түйеші отбасылар» сынды түйе бағудың бизнес формасын қалыптастырып, аталған кәсіп арқылы халықтың табысын көбейтуді жедел ілгерілеткен.

Қазақтар дайындайтын ұлттық тағамның 10 түрі - Kaznews

Дәл осындай тақырыпта моңғолиялық Kaznews порталында шағын танымдық мақала жарық көрген. Онда жалпы қазақ ұлтына ортақ 10 түрлі тағам туралы қысқаша түсініктер берілген. Атап айтап болсақ, «Бесбармақ», «Қуырдақ», «Қазы, қарта», «Сірне», «Жал», «Қымыз», «Айран, құрт», «Бауырсақ» қатарлы қазақи ас-тағамдарды жеке-жеке таныстырған.

«Бесбармақ - Моңғолия қазақтарының дәстүрлі етті тағамы. Бесбармақ отбасылық мейрамдар немесе қонақтарды қарсы алған кезде әзірленеді. Сыйлы қонаққа бас, жамбас тартылады. Кей өлкеде еттің сорпасы қатықпен езіліп қоюландырылған тұздықпен беріледі», деп бастайды аталған танымдық мақала.

Түрік дәрігерлер Түркістанда ота жасады - TRT


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің Өкілетті кеңес төрағасы профессор Мухиттин Шимшек Түркістандағы баспасөз өкілдерімен бас қосты.

Бұл туралы осы аптада Түркия радио телевизия порталы хабарлаған болатын.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, Шимшек университеттің оқу-ағарту, ғылыми шаралар және елдің мәселелеріне шешім табу секілді үш маңызды қызметі бар екенін айтқан. Профессор Мухиттин Шимшек Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің әлем көлемінде танымалдығын арттырып, беделді жағдайға келтіру керек екенін тілге тиек еткен.

«Шимшек университеттің медицина саласындағы жұмыстарының бірі «Ана мекеннен атажұртқа денсаулық көпірі» атты жоба аясында жүргізілген істер туралы да мәлімет берді. Осы жоба аясында түрік дәрігерлердің 42 күрделі ота жүргізгенін, ондаған науқасты емдеп, тексеруден өткізгенін айтты. Университеттің Өкілетті кеңес төрағасы осындай жобалардың басқа салаларда да басталатынын білдірді» деп мәлімдейді Түркия радио телевизия порталы.

Сондай-ақ, профессор Мухиттин Шимшек университетте Түркістан облыстық әкімдігімен бірге Агрономия факультетінің құрылатынын да айтқан.

Сардоба тасқыны туралы деректі фильм түсірілуде - «ӨзА» ақпараттық агенттігі


Өзбекстан кинематография агенттігінің тапсырысы бойынша «Деректі-хроникалық киностудия» тарапынан «Сардоба сабоғи» атты деректі фильм түсірілуде, деп хабарлайды Өзбекстанның « ӨзА « агенттігі.

Аталған агенттіктің хабарлауынша, бұл туынды 2020 жылы 1 мамырда Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасында болған техногендік апат туралы баяндалмақ.

Қазіргі уақытта фильмді түсіру жұмыстары оқиға орын алған аймақтағы аудандарда түсірілуде. Онда эвакуацияланған тұрғындар туралы, олар орналасқан аудандар, осы процеске қатысқан әскери қызметкерлер, құтқарушылар мен зардап шеккендерге көмек көрсеткен азаматтар туралы сахналар таспалануда.

Бұл кинотуындың режиссері Абдусамад Саломов фильмнің негізгі мақсатын айтып берген.

«Фильмнің мақсаты - отандастарымыздың басына түскен осындай қиын күндерді шыдамдылық пен төзімділік таныту арқылы, бір-бірін қолдап ынтымақтастықпен еңсергенін көрсету. Әрине, фильмнің басты идеясы - бәрімізге сабақ болған қайғылы оқиғаның маңызы. «Сардоба Сабоги» фильмі менің кинематография агенттігіндегі алғашқы режиссерлік жұмысым болғандықтан, біз фильмді көрермендерге ұнамды ету үшін барынша жұмыс істеп жатырмыз. Бұл үдерісте біздің мұғалімдер мен тәжірибелі әріптестер өз кеңестерін беруде», дейді фильмнің режиссері Абдусамад Саломов.

Айта кетейік, өткен жылы Өзбекстан Республикасы аумағындағы Сардоба су қоймасы бөгеті бұзылып, соның салдарынан Түркістан облысының бірқатар елді мекенін су басып қалған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бейсен Сұлтан

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT