Қытайда туристерге арналған халықаралық «денсаулық төлқұжаты» ресми енгізілді

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдағы WeChat мессенджерінде «Туризмге арналған халықаралық денсаулық сертификатының» қытайлық нұсқасы бар мини-бағдарлама ресми түрде іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық денсаулық сертификатының қытайлық нұсқасы – бұл егжей-тегжейлі мәліметі бар құжат. Онда нуклеин қышқылы мен IgG антиденелеріне тапсырылған тест қорытындылары және COVID-19 вирусына қарсы вакциналау статусы көрсетіледі.

Сертификаттың растылығын тексеру және турист жайында мәліметтермен танысу үшін шетелдік мемлекеттердің кез келген ведомствосы QR-кодты сканерлейтін болады.

Денсаулық сертификатын электрондық нұсқада смартфонмен көрсетуге болады. Сондай-ақ оны қағазға басып шығарып, бірге алып жүруге рұқсат.

«Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып, пандемиядан кейінгі уақытта халықаралық қызметкерлер алмасуда денсаулық факторының маңыздылығы ерекше байқалатын болады. Алдағы таяу болашақта әлем елдерінде денсаулық сертификаттарын өзара тану үрдісінің артуына қарай, «Туризм үшін халықаралық денсаулық сертификатының» қытайлық нұсқасы түрлі елдер адамдарының салауатты әрі қауіпсіз араласуына септігін тигізетін болады», - делінген ҚХР СІМ Консулдық қызмет департаментінің WeChat-тағы мәлімдемесінде.

Соңғы жаңалықтар